Қызылорда облысында экомарафон ұйымдастырылды
Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында экомарафон ұйымдастырылды.
Белсенділер Жаңақорған ауданында Жашы-көл көлінің маңындағы аумақты тазалап, агротехникалық колледж студенттеріне қоршаған ортаны қорғау тақырыбында дәріс оқыды. Ал Шиелі ауданында күзгі ағаш отырғызу акциясы өтті. Алғашқы аязға дейін, мұнда алты гектар аумаққа 3 мыңнан астам көшет егу жоспарланған. Экомарафонды аудан оқушылары да қолдап, робототехника және қолөнер көрмесін дайындады. Олар сенбілік кезінде жиналған тұрмыстық қалдықтардан түрлі бұйымдар жасаған, деді Ломоносов атындағы мектеп-лицейінің директоры.
Сәуле Нұрманова, Ломоносов атындағы №47 мектеп-лицейінің директоры:
- Робототехника үйірмесінде біздің балаларымыз еліміздегі экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында түрлі роботтар құрастырды. Ол топырақ тазалайтын роботтар. Және ауланы тазалайтын роботтар. Қоқыс тарды майдалайтын, қоқыстарды жинайтын роботтар. Міне осындай роботтық жұмыстармен біздің оқушыларымыз ауданымыздың тазалығын сақтауға үлкен үлес қосады.