Ақтауға мыңдаған қоқиқаз ұшып келді
Ақтаудағы «Қаракөл» жасанды су қоймасына мыңдаған қоқиқаз ұшып келді.
Жергілікті тұрғын дронмен түсірген бейнетүсірілім әлеуметтік желіде көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Қазақстанның қызыл кітабына енген құстар әдеттегідей күз мезгілінде 1-2 аптаға аялдайды. Көлде тынығып, қоректеніп алған соң, Түрікменстан, Иранға қарай бағыт алады. Жалпы Маңғыстау аумағы арқылы жыл сайын құстардың 320-дан астам түрі ұшып өтеді. Соның ішінде аққу, қасқалдақ және үйректер осы Қаракөл көлінде уақытша тұрақтайды.