Кәсіпкерлерді қосымша құн салығынан босату керек – Энергетика министрі

Жер қойнауын игеретін ірі компанияларға тауар мен қызмет ұсынғанда отандық кәсіпорындар мен шет елдік компанияларға тең мүмкіндік берілуі керек. Ол үшін ірі жобаларға тауар жеткізу кезінде қазақстандық өнім қосылған құн салығынан босатылуы тиіс. Яғни, салық кодексіне өзгеріс енгізу қажет. Мұндай ұсынысты энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев жасады.

Оның айтуынша, жер қойнауын игеру саласында тауарлар мен қызметті сатып алу көлемінің 77 проценті ірі үш опреаторға тиесілі. Оларға кедендік жеңілдік берілген. Яғни бұл компаниялар өзге елден тауар әкелгенде шекарадан қосымша құн салығын төлемей кіргізеді. Ал жергілікті өнімді алса, 12 процент салық төлеуге мәжбүр. Яғни отандық кәсіпорынның тауары қымбатқа шығады. Сәйкесінше бәсекеге қабілетсіз. Жоспар бойынша биыл жер қойнауын игеруші компаниялар 6,8 триллион теңгеге тауар немес қызмет сатып алады. Сұраныстың тек 46 жарым проценті ғана жергілікті өніммен қамтылады. Қалғаны шет елден келеді. Олқылықтың орнын толтыру үшін министрлік бірнеше бастама көтерген.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрі:

– Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушылар мен кәсіпкерлікті ынтыландыру туралы келісім жасасуға бастамашылық жасады. Бүгінгі таңда көмірсутектер мен уран бойынша 282 келісімнің 164 бойынша келісімге қол жеткізілді. Олардың ішінде көмірсутек саласында 84 пайдаланушылармен 147 келісім жасалып, уран өндіру саласында 13 жер қойнауын пайдаланушылармен 17 келісімге қол қойылды. Аталған келісімдер тауарлардағы жергілікті қамту үлесін 19 пайыздан 31 пайызға дейін. жұмыстарды 61 пайыздан 78 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

ЕЛДЕ ₸176 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІЛДІ

Биыл он айда отандық фармацевтикалық зауыттар жалпы сомасы 176,3 миллиард теңгеге дәрі-дәрмек шығарды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш есе көп. Өндірістің артуына коронавирусқа байланысты тұтынушылық сұраныстың күрт көбеюі себеп болған. Әсіресе дәрумен өндірісі 70 процентке, түрлі қоспа дәрілері13 процентке, жүрекке арналған препараттар шығару 3 процентке көбейген. Бұл туралы QazIndustry сарапшысына сілтеме жасап курсив кэизет жариялады. Салыстырмалы түрде қарасақ, 2019 жылы ішкі нарықта отандық дәрі-дәрмектің үлесі 14 процент қана еді. Биыл сегіз айда 21 процентке жетті. Есесіне импорттың үлесі азайды. Мәселен Ресейден келетін дәрі-дәрмектің үлесі 27 процентке, үндістандық өнім 40, түркиялық препараттар 23 процентке қысқарды.

Айта кету керек, елдегі ірі фармацевтикалық компаниялар, Қарағнды, Алматы, облыстары мен Шымкент, Алматы қалаларында орналасқан.

ЕСКІ КӨЛІК ТАПСЫРҒАНДАРҒА ₸31,9 МЛРД ӨТЕМАҚЫ БЕРІЛДІ

Елде ескі көлігін утилизацияға өткізгендерге 31,9 миллиард теңге өтемақы төленді. Бұл кейінгі бес жылдың қорытындысы. Осы аралықта қазақстандықтар істен шыққан 214 мыңдай көлікті орталыққа жоюға тапсырды. Оның 193 мыңнан астамы жеңіл автокөлік, 8 мыңы автобус және 12 мың 660 тайы жүк көлігі. Ескі техникасын утилизацияға тапсырғандарға 54 мың 813 жеңілдік сертификаты берілген. Осы бағдарлама аясында 30 мыңдай адам қазақстанда жасалған жаңа темір тұлпарды тақымдады. Биыл индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен экология, геология жанә табиғи ресурстар министрлігі ауыл шаруашылығы техникасын утилизацияға қабылдауға 3300 ден астам квота бөлген еді. Соның аясында іске жарамайтын 2 мың 244 трактор және 801 комбайн жоюға тапсырылды. Оларға салмағы мен бөлшектеріне қарай 560 мыңнан 2 миллионға дейін өтемақы төленеді.

 МҰНАЙ БАҒАСЫНА КІМНІҢ ЫҚПАЛЫ КҮШТІ

Әлемдік нарықта мұнай қымбаттады. Кеше Лондонның ICE биржасында қаңтар айында жеткізілетін Брент маркалы мұнайдың бір баррелі 82 долларға жақындады. Ал WTI маркасы 78 доллар 11 центтен сатылды. Осыдан бір күн бұрын ғана АҚШ президенті Джо Байден қара алтын құнын төмендету мақсатында елдің стратегиялық қорынан 50 миллион баррел мұнай сататынын жариялаған еді. Дәл осындай қадамды Қытай, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея және Ұлыбритания да жасайтынын мәлімдеді. Мәселен Үндістан қордан 5 миллион баррел сататынын растады. Ұлыбритания 1,5 миллион баррел шығарады. Қалған үш мемлекетте сандар нақтыланып жатыр. Мұнай импорттаушы бұл елдер бұған дейін ОПЕК+ ұйымынан қара алтын өндірісін көбейтуді сұраған еді. Алайда экспорттаушы елдер мұны орындамады. Енді осындай қадамға барып отыр. Ал ОПЕК+ ұйымының келесі отырысы 2 желтоқсанға жоспарланған. Олардың қандай шешім қабылдайдыны сол кезде белгілі болады.