Цифрлық валюта енгізіле ме?

Әлемдегі орталық банктердің 90 проценті цифрлық валютаны зерделеп жатыр. Бұл туралы Ұлттық банктің төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығының басқарма төрағасы Бинұр Жәленов мәлімдеді. Біздің елде сандық ақша қашан енгізіледі? Цифрлық теңгенің енгізілуі елдегі қаржылық тұрақтылыққа кері әсер етпеуі керек. Сол себепті бастама толықтай зерделенеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтырдан бері сандық валюта пилоттық жоба ретінде пысықталып жатыр. Биыл зерттеудің екінші кезеңі басталды. Жыл соңында нақты шешімді естиміз. Ұлттық банк өкілдері цифрлық валютаға көшу аз уақыттың шаруасы емес дейді. Қазір мамандар цифрлық теңгенің не үшін керектігін саралап жатыр. Экономикалық және технологиялық тұрғыда дайындығымыз қандай? Сұрақ көп. Алдымен барлық тәуекелді екшеп алу маңызды. Соның басында киберқауіпсіздік тұр. Сол себепті мамандар қауіптер моделін құрып, кибер шабуылмен күрестің ең тиімді тәсілдерін сынап көреді. Маусым айының соңына дейін тиісті әдістемені жариялаймыз

Бинұр Жәленов, ҚРҰБ Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығының басқарма төрағасы:

- Тәуекелдер бар. Бір банкте мәселе туындаса, клиенттер өз ақшасын цифрлық ақшаға ауыстыруға асығады. Сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің қызметінен бас тартатындар көбеюі мүмкін. Бұл да дұрыс емес. Сол себепті біз бірқатар экономикалық амалды қарастырып жатырмыз. Біз елдегі қаржылық жүйе мен қаржылық тұрақтылыққа зиян келмейтіндей әрекет етуді көздейміз.

ЦИФРЛЫҚ ВАЛЮТА: ҚАЙ ЕЛДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ КӘДЕЛІ?

Цифрлық теңге дегеніміз ұлттық валютаның цифрлық түрі. Оны криптовалютаға теңеуге болмайды. Фиаттық төлемнің бұл түрін офлайн жүргізуге мүмкіндік бар. Яғни ұшақта да телефон арқылы ғаламторсыз төлем жасауға болады. Сандық валюта өндірушілері шетелдік тәжірибені де назарға алады. Бұл мақсатта – «Астана хаб»-пен меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, цифрлық еуро қауымдастығымен байланыс орнатылды. Алда цифрлық доллар және фунт стерлинг өкілдерімен меморандум жасалады. Бірақ, біздегі сандық ақшаның өзгелерден айырмашылығы көп. Әмиянды басқару, орталық банк пен нарық қатысушыларының ролі бізде басқаша сараланады. Әзірге белгілісі, Қазақстандағы жоба Швеция банкінің өнімі, яғни цифрлық кронаға ұқсас келеді. Қолма-қол ақша айналымы төмендеген жағдайда орталық банк қаражаттың сақталуын қамтамасыз етеді. 

Айнұр Кенжаева, Цифрлық теңге жобасының жетекшісі:

- Цифрлық теңгенің барлық сипаттамалары анықталды деп айта алмаймыз. Себебі әлі зерттеу үстіндеміз. Өткен жылы біз халықпен жұмыс жасадық. Көптеген талқылауларды ашық түрде жүргіздік. Соның барысында біз цифрлық теңгенің анонимдік, яғни қаншалықты оның деректері басқаларға көрінеді? Сол сипаттарға қатысты халықтың сұранысын естідік. Енді соның бәрін біз архитектурна қалай оны жасауға болады деп жасап жатырмыз.

НЕСИЕДЕН ҚАЙЫР БАР МА?

Елде несиені айнымас досына айналдырғандар көбейді. Қарызын төлемей отырғандардың саны млн-нан асқан. Ал экономист Асқар Қысықор жауапсыз борышкерлердің саны 5 млнға жетуі мүмкін дейді. Себебі банктерден бөлек қаржы ұйымдарынан ақша алғандар жетерлік. Былтыр тұтынушылық қарыз 40 процентке, яғни 6 трлн теңгеге дейін өскен. Ипотекаға сұраныс та 40 процентке артты. Бұл 3,3 трлн теңге.  Экономистер бұл қаражаттың қайтарылмай қалуы мүмкін екеніна айтады. Себебі борышкерлердің дені жағдайы төмен азаматтар. Тіпті кейбірінде 2-3 несие бар екен. Экономист Асқар Қысықов "Жеке тұлғалардың банкроттығы" туралы заңды жедел қарау керек деген пікірде. Бірақ, жұмыс тобы заңның тиімді жұмыс істеуіне жанашыр болуы қажет. Ол тым қатал шектеулерді алып тастаған ләзім дейді.

2027 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ҮЙ, ҚОРА СЫНДЫ ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН НЫСАНДАРДЫ МЕНШІКТЕЙ АЛАСЫЗ

Сенаттың экономикалық саясат жөніндегі комитеті заң жобасына осындай түзету енгізді. Бұған дейін елде мұндай тәжірибе болған. Есіңізде болса, 2006-2014 жылдары заңсыз мүлік үшін айыппұл салынған жоқ. Тек нысан құнынан 10 процент алым төленетін. Бастысы құрылыс бас жоспар бойынша жол, әлеуметтік нысан, т.б. арналмаған болуы тиіс. Заңсыз тартып алынған мүлік те бұл тізімге кірмейді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев елде келісімсіз салынған үйлер көбейіп кеткенін айтты.

Авторы: Мерей Мұратханқызы

Сондай-ақ...