Компаниялар еңбек қауіпсіздігіне тиісті инвестиция салмайды
Қазақстандағы нысандардың өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесімен жабдықталуы өте төмен.
Компаниялар еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жобаларға тиісті инвестиция салмайды. Мұның барлығы техногенді апаттарға, жұмысшылардың қаза табуы мен жарақат алуына әкеп соқтырады. Ұлытаудағы қайғылы оқиғаға қатысты Президент осындай пікір білдіріп Үкіметке тиісті тапсырмалар берді. Өндіріс орындарындағы қауіпсіздік былай тұрсын, қарапайым мекемелерде өзін қолайсыз сезінетін жұмыскерлер бар. Әріптесіміз Ғазиза Мұхамеджанова, осы бағытта шолу жасасап, соңғы статистикамен танысты.
- Осы тақырыпты талдау кезінде мынадай үрдісті байқадық. 1 миллионнан астам қазақстандық еңбек жағдайы қауіпті немесе қолайсыз деп есептейді. Бірақ өз өмірін ерікті сақтандырғысы келетіндер әлі де аз.
Үкімет өнеркәсіптегі қауіпсіздік талаптарын күшейтеді
Үкімет Президенттің тапсырмасымен өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптарды күшейтеді. Қазір өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша жекелеген талаптар қайта қаралып жатыр. Осылайша, азаматтық қорғау туралы заң жобасы шеңберінде апаттық-құтқару қызметтеріне қойылатын талаптар қатаңдатылады. Қауіпті өндірістік нысандар иелеріне жабдықтарды жаңарту бойынша жаңа міндеттелмек. Сонымен қатар апаттарды есепке алуды және басқа да процестерді автоматтандыруға «Е-ӨҚК» ақпараттық жүйесін іске қосу жоспарланып отыр.
Халықтың 12%-ы еңбек ету жағдайы қолайсыз деп есептейді
Әрбір оныншы қазақстандық еңбек қауіпсіздігіне қатысты проблемаларды меңзейді. Жұмыспен қамтылған халықтың 12%-ы өз жұмыс орнында қолайсыз немесе қауіпті жағдайлар туралы мәлімдеді. Бұл 1,1 млн-нан астам адам. Олардың үштен екісі еңбек жағдайларын қолайсыз деп бағаласа, қалғаны, қауіптілігіне назар салады. Ұлттық статистика бюросы осындай деректер келтіреді. Бюро іріктемелі сауалнама жүргізген. Содан алынған деректер халықтың жалпы санына бөлінеді. Айта кету керек, мұнда респонденттер – кәсіпорындар емес, қазақстандықтардың өздері екенін және олар жеке, субъективті пікірлерін келтірген.
Статистика ер адамдарда еңбек қауіпсіздігі жағдайы әйелдерге қарағанда әлдеқайда нашар екенін көрсетеді. Қазақстандағы жұмыспен қамтылған 4,8 млн ер адамның әрбір бесіншісі немесе 18%-ы қолайсыз немесе қауіпті жағдайлар туралы мәлімдейді. Әйелдерде бұл шамамен 6%-ға төмен, жұмыспен қамтылғандардың 4,5 миллионы. Бұл сандар қайдан шықты десеңіз, сауалнаманың сұрақтарына тоқталып өтейік. Респондент өзіне сәйкес келетін бірнеше жауап нұсқаларын таңдаған.
Қолайсыз немесе қауіпті жұмыс жағдайында еңбектенеді
ерлер 18%
әйелдер 6%
Ерікті сақтандыруға жүгінетіндер саны аз
Қазір елде ерікті және міндетті сақтандыру түрлері бар. 2005 жылдан бері әр жұмыс беруші өз қызметкерлерін сақтандыруға міндетелген. Ал екінші, яғни ерікті сақтандыру бұл әр азаматтың өз қалауымен жүргізілетін қызмет. Мәселен, қазақстандықтар өз өмірін немесе балаларының болашақ оқуына сақтандыру жарналарын жинайды. Ал зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндерге мемлекет тарапынан арнайы төлемдер бар. Бұдан бөлек осы азаматтар 55 жасында зейнетке шыға алады. Олар сақтандыру калькуляторында қауіптілігі жоғары санатқа кіретін мамандықтар.
Руслан Құрманғалиев, өмірді сақтандыру бойынша компанияның өкілі:
- Міндетті сақтандыру жарналары ол жұмыс берушіден төленеді. Ол теміржолшылар бар, слесарьлар шахтада істейтін, нефтяной сферада істейтін даже жүргізушілерге бензин таситын, газ таситын оларға солай төленеді міндетті жарна. 7 жылдан осындай жарналары бар болса, олар 55 жастан жұмыс берушіге арыз жазып, зейнетке шығуға болады. Средний төлемі 207 мың сондай шығады.
Биыл Қазақстанда зиянды жағдайда жұмыс істейтін 42 мыңдай адам осы мүмкіндікті пайдаланып, ерте зейнетке шыға алады. Басты шарт еңбек өтілі 7 жылдан асып, жұмыс берушіден тұрақты сақтандыру жарналары болса, 55 жасында зейнетке шыға алады. Ал басқа мекемелерде жұмыс істейтін азаматтар өмірін ерікті түрде сақтандыруға асықпайды дейді сала мамандары.
Руслан Құрманғалиев, өмірді сақтандыру бойынша компанияның өкілі:
- Қазір статистика бойынша 0,8% ерікті сақтандыру бойынша договорлар бар. Жүз мыңнан аспайды. Өте аз. Сондықтан да қазір біздің мамандар шығады. Әр мекемеде өздерінің жұмыстарын атқарады. Бірақ кішкенене кісілердің сенімі аздау. Бірақ та жарақан соларды естіген кезде олар сразу жүгінеді.
Осы тұста Ұлттық статистика бюросының сауалнамасына оралсақ. Жауап бергендердің көбі қолайсыз еңбек жағдайы ретінде ауыр физикалық жұмысты және далада жұмыс істеуді атап өткен. Бұл проблемаларды сауалнамаға қатысқандардың 18%-ы таңдапты. Ал 15%-ы еңбек өмірге қауіп төндіретін факторлармен байланысты екенін атап өткен. Сондай-ақ, сұралғандардың 17% жұмыста жүйкесі жұқаратынын белгілеген. Мұндай қолайсыздықты көбіне әйелдер сезінеді екен. Көп ойлауды, ақыл-ой белсенділігін талап ететін жұмысты да адамдар еңбек жағдайындағы қолайсыздық деп бағалаған. Респонденттердің 9% осы нұсқаны таңдады. Шуы көп, ауасы тар және қауіпті механизмдермен жұмыс істеу де қолайсыз еңбек жағдайына жатады. Қорытындылай келе, өз еңбек жағдайына алаңдайтындардың үлесі онша өзгермейті байқалады. Соңғы онжылдықта ол шамамен 10-13% аралығында болды, -деп хабарлайды DataHub_KZ.
Еңбек жағдайын ауырлататын факторлар
далада жұмыс істеу 18%
өмірге қауіпті факторлар бар 15%
жұмыста жүйкесі жұқарады 17%
ақыл-ой белсенділігін талап етеді 9%
Шолу соңында атап өтейік, Қазақстанда 25 сақтандыру ұйымы бар. Оның 10-ы – өмірді сақтандыру бойынша қызмет көрсетеді. 2024 жылы сақтандыру ұйымдарының активтері 25%-ға ұлғайып, 3 трлн теңгеден асты. Оның ең көбі бағалы қағаздар үлесінде – 2,4 трлн теңге, екінші деңгейдегі банктердегі ақша мен салымдарға - 166 млрд теңге, сақтандыру дебиторлық берешекке – 124 млрд теңге тиесілі.
2024 ж. сақтандыру ұйымдарының активтері ₸3,1 трлн
бағалы қағаздар – ₸2,4 трлн
банктердегі қаржы мен салымдар - ₸166 млрд
сақтандыру дебиторлық берешек – ₸124 млрд