Солтүстік Қазақстан облысы сүт өндірісін арттырады

Солтүстік Қазақстан облысында сүт өндіру қуаттылығы 1000 тоннаға жеткізілмек.

Қазір аймақта 100-ден астам шаруашылық сүт өндірумен айналысады. Оның  21-і қазіргі заманға сай кешен. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов көшпелі брифингте мәлімдеді.

Айтуынша, өңірде жыл соңына дейін тағы 52 сүт фермасы ашылады. Облыс ауыл шаруашылығын дамытуда жоғары технологиялы цифрлық нысандарға басымдық беріп отыр.

Марат Тасмағанбетов, облыс әкімінің бірінші орынбасары:

- Бүгінде облыс елді астықтың төрттен бірімен, майлы дақылдардың үштен бірімен қамтамасыз етіп отыр. Бізде пандемияға қарамастан мал импорты тоқтамады. Жыл басынан бері 3 мыңнан астам мал басын кіргіздік. Олар жоғары генетикалық әлеуетке ие. Әрі мол өнім береді.