434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Бәйтерек» холдингі қолдаған кәсіпорындарда 6,3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

  • 213
  • UPD: 23:33, 22.10.2021

«Бәйтерек» холдингі еліміздегі көптеген мемлекеттік бағдарланы жүзеге асырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесі де жоқ емес. 2016 жылдан биылға дейін 23 кәсіпорын 3,8 трлн теңге болатын өнім шығарған. Есесіне экспорттау да көбейді. Жаңа жұмыс орындары ашылды.

«Бәйтерек» холдингі еліміздегі негізгі даму институты ретінде көптеген мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырады. Оның ішінде индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Жасалған жұмыс орасан. Мегазауыттар ашылды, яғни ол ірі салық төлеушілер мен жұмыс берушілер.

Әділ Мұхамеджанов, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

– Жоба аясында 23 кәсіпорын 3,8 трлн теңге болатын өнім шығарды. Оның ішінде экспорт 2,6 трлн теңге болды. Осы кәсіпорындар 500 млрд-қа жуық салық төледі. Бұл біздің ел үшін өте ұтымды деп айтуға толық негіз бар.

Сондай-ақ ішкі нарықта отандық өнімді тұтынушылар көбейді, себебі холдинг тарапынан үздіксіз қолдау бар. Ауыз толтырып айтарлықтай тағы бір мәселе. «Бәйтерек холдингі» қолдаған кәсіпорындарда 6,3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған.  

Қайрат Омарғалиев, «Қазполиграф» ЖШС сыртқы экономикалық қатынастар жөніндегі директоры:

– «Қазполиграфта» өнеркәсіпті дамыту қоры қолдауымен 2014 жылдан бастап ауқымды техникалық жаңарту басталды. Бөлінген қаражатқа 10-нан артық жоғары технологиялық заманауи құрал жабдықтар Германия Англия Италия елдерінен әкелініп, іске қостық.

Жуырда Мемлекет басшысының жарлығымен 10 ұлттық жоба бекітілді. Осыған орай енді индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы әл-ауқатты арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу ұлттық жобасына көшеді.

Гүлзия Нақыпқызы, Асхат Қарақойшиев

Хабар 24 телеарнасы