Елімізде алдағы 3 жылда екі млн жұмыс орыны ашылады

Елімізде алдағы 3 жылда екі млн жұмыс орыны ашылады

Алдағы төрт жылда жүз мыңнан астам қазақстандық еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға оқытылады. Қысқа мерзімді курстан өткеннен кейін олар тұрақты жұмыс табу мүмкіндігіне ие болады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі осылай деді.

Серік Шәпкеновтың айтуынша, елде уақытша жұмыс орындары құрылып, оған орналасатын еңбеккерлердің жалақысы мемлекеттік бюджеттен субсидияланады. Ал зейнет жасына жақындаған азаматтарды жұмыспен қамту үшін «Күміс жас» жобасы жүзеге асырылады. Бұл жобаға арнайы білімі жоқ адамдар да тартылады. Айта кетейік, 2025 жылға дейін елде 2 млн астам жұмыс орнын ашуды көзделіп отыр.