Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 22,8% көбейді

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен 2022 жылғы қаңтар-ақпандағы өзара саудасы 3 771,2млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 22,8% көбейді.

Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының телеграмдағы ресми арнасы хабарлады.

2022 жылғы қаңтар-ақпандағы тауарлар экспорты 1 174,9 млн АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты (26,8% көп), импорт - 2 596,3 млн АҚШ доллары (21,1% көп).