Түрік лирасы құнсызданды

Түрік лирасы әлі де құнсыздануы мүмкін. Сарапшылар бір доллар 16,5 лираға теңеседі дейді. Мамырда Түркияның ұлттық валютасының долларға шаққандағы бағамы 7,5 процентке түскен.

Қазір 15,94 лираға тең. Нарықтағы ахуалдың тұрақсыздығынан лираға деген сенім нығаймай тұр. Елдің қаржылық сарапшылары жағдайды ушықтырмау үшін орталық банк тез арада нақты шешімге керек дейді. Есепті мөлшерлемені 14 процент шамасында ұстап тұрудың қисыны жоқ. Әйтпесе инфляция 70 проценттен асып жығылуы ықтимал. Бейресми деректерге сүйенсек, оның үлесі 160 процентке жетіп қалған.