Шымкентте бағаны тұрақтандырудың жаңа механизмі енгізілді

Шымкентте азық-түлік бағасын тұрақтандырудың жаңа механизмі енгізілді.

Енді алдағы үш жыл бойы әлеуметтік тауар сатушыларға сауда дүкенінің жалдау ақысы бюджет есебінен қайтарылады.  Салаға жауаптылар тек дүкен шаһардың шалғай елді мекендерде ашылауы тиіс,-дейді. Кәсіпкерлерді қолдау шаралары да үш кезеңнен тұрады. Алғашқы жылы жалдау құнының 75% қайтарылады. Кейін 50, үшінші жылы 25%-ін төлеп береді. Басты талап кәсіпкерлер үшін әлеуметтік тауар бағасын белгіленген сомада сату керек. Оны арнайы мониторингтік топтар бақылайды.

Әбунасыр Жанбатыров, қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы:

- Кәсіпкерлер наурыз айына дейін ірі сауда желілерінің алдында өз сату нүктелерін ашу керек. Онда картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат сияқты көкөніс өнімдері сатылуы тиіс. Тауар бағасы қанша құбылса да біз тұрақтандыру қоры арқылы маусымдық өнімдерді алдын ала тапсырыс беріп, қалыпты ұстауға тырысатын боламыз.