Балық өңдеуші кәсіпорындардың қосымша құн салығы 70% азаяды
Биылдан бастап балық өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардың қосымша құн салығы 70 процентке дейін азаяды.
Бұл жаңалық атыраулық балықшыларды қуантты. Атырау облысында қазір 19 кәсіпорын балық аулаумен және үшеуі оны өңдеумен айналысады. Бүгінде облыстағы балық өңдеуші кәсіпорындар балықтың 30 түрінен 120-ға жуық өнім өнідіреді. Бұл өнімдер ТМД-да Ресей, Әзербайжан, Өзбекстанға және бұдан бөлек Балтық маңы мемлекеттеріне экспортталады. Бірақ ол мардымсыз. Жайық, Қиғаш өзендері мен Каспий теңізінен ауланатын көксерке, қарагөз (вобла) сазан балығы мен шортанның уылдырығана әлемдік нарықта сұраныс жоғары. Тек соны халықаралық стандарттарға сәйкес өңдеп, жеткізіп беру жағы кенже қалып келеді.
Артур Сәдібекұлы, облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы:
- Бұл енді қазіргі таңдағы өңіріміздегі 19 балық шаруашылығы субьектілерінің дамуына, жалпы, балық өнімдерін өңделуіне үлкен септігін тигізеді. Қазіргі таңда экспортқа шығарылып жатқан балықтың басым бөлігі-өңделмеген балық. Егер салық көлемі түсірілген жағдайда мына біздегі өңделетін балықтың көлемін арттыруға үлкен көмек болады.