Түрік инвесторы Көкшетауда ЖЭО салуға қызығушылық танытып отыр
Бұл жайында Премьер-министр Әлихан Смайыловпен кездесуде "Гап Иншаат" компаниясы бас директорының міндетін атқарушы Ченгель Әзиз айтты.
Түрік кәсіпкері Қазақстандағы инвестицияларын кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді. Ченгель Әзиздің айтуынша, Көкшетау қаласында Жылу электр орталығын салу жобасының болашағы зор. Әлихан Смайылов Энергетика министрлігі бұл жоба бойынша ашық әрі бәсекелестік қағидамен тендер өткізетінін атап өтті. Сонымен қатар, оған барлық әлеуетті инвестор қатыса алатынын жеткізді. Премьер-Министр Түркия Қазақстан үшін маңызды стратегиялық серіктес екенін, сондықтан Үкімет өзара тиімді жаңа жобаларды іске асыруды қолдайтынын атап өтті.