Ұлттық Банк биыл 2 млрд АҚШ долларын сатып алады
Бұл валюта позициясын 30% деңгейде ұстап тұру үшін қажет.
Былтыр бірыңғай жинауқтаушы зейнетақы қорындағы валюталық активтер үлесі төмендеп, 28,4%-ты көрсетті. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 24,3%-ке түсуі мүмкін. Сондықтан Ұлттық Банк шетел валютасын кезең-кезеңімен сатып алуды жоспарлап отыр. "2 млрд доллар валюта нарығына айтарлықтай әсер етпейді, - дейді Ұлттық банк сарапшылары. Өйткені шетел валютасын сатып алу операциясы Қазақстан қор биржасы алаңында жүзеге асырылады.