«Бәйтерек» холдингі БЖЗҚ-дан 500 млрд теңге көлемінде қарыз алады
Мәлімет Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланды.
Бұл қаржы машина жасау, металлургия, тағам және жеңіл өнеркәсіп, сондай-ақ құрылыс саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады. Айта кетерлігі, холдинг зейнетақы активтерін қайтаруға міндетті. Инвестициялар салымшыларға жыл сайын пайда әкеліп отырады. Қаржыны игеруді бақылау мен жобаларды таңдау жұмыстарын ел Үкіметі қадағалайды.