Павлодар облысында балалар құқығы қорғалды
Өткен жылы Павлодар облысы бойынша бюджеттік қаржыны жымқырудың 5 дерегі тіркелген.
Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, келтірілген шығын көлемі 80 миллион теңгеден асады. Ол әлеуметтік мекемелердің құқығын қорғауға бағытталған «Қамқор» алдын алу іс-шарасы шеңберінде анықталып отыр. Осындай заң бұзушылықтардың бірі отбасы үлгісіндегі балалар ауылына қатысты өрбіді. Онда мекеменің ауласын абаттандыруға бөлінген 6 миллион теңгеден астам қаржы қолды болған. Облыс орталығында орналасқан балалар үйінің іргесі осыдан 15 жыл бұрын қаланған. Жетпіс орындық әлеуметтік мекемеде жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған 67 бала тұрып жатыр. Бүлдіршіндер мемлекеттің қарамағында және олардың құқықтары толық қорғалған. Экономикалық тергеу департаментінің араласуынан кейін келтірілген шығын толық өтеліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Мәди Жанғазинов, Павлодар облысы экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы:
- Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында отбасылық үлгідегі балалар ауылын абаттандыру бойынша нақты орындалмаған жұмыстардың құны алты миллион теңгеден асқаны анықталды. Қазіргі уақытта келтірілген шығын толық көлемде өтелді. Жетім балалардың құқықтары қорғалды.