Шымкентте қант бағасын тұрақтандыруға бөлінген қаражат қазынаға қайтарылды
Өйткені әлеуметтік маңызы бар тауарды ұдайы жеткізіп отыру үшін қаржыландырылған кәсіпкер өз міндеттерін орындамаған.
Ол 1901 тонна қантты нарықтағы сауда орындарына 320 теңгеден жеткізіп беруді өз мойнына алған. Алайда келісілген талаптар орындалмай шаһарда қант тапшылығы байқалды. Прокурорлар әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 500 миллион теңге несие алған компанияның ісіне тексеру жүргізді. Қаражат бюджетке қайтарылып, заң шеңберінде айыппұл салынды. Мониторинг барысында бұдан өзге үш кәсіпкер тауар бағасын негізсіз қымбаттатып, жеткізу уақытын сақтамағыны белгілі болды. Қала прокуратурасы әлеуметтік маңызы бар 19 тауар түрін тұрақтандыруға жыл сайын 6 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінетінін жеткізді. Ал оның мақсатты жұмсалуы жіті бақылауда.
Нұржан Сейдалиев, қала прокурорының бірінші орынбасары:
- Әлеуметтік корпорациямен қазіргі таңда жосықсыз тауар жеткізушілерге қатысты айппұл шараларын өндіріп жатыр. Осы бюджетке өндірілеген қаржыны қаламыздағы басқа кәсіпкерлерге саудамен айналысатын кәсіпкерлерге қайта бөлінді. Соның нәтижесінде қаламыздағы қант өнімінің бағасын тұрақтандыруға мүмкіншілік берді.