Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өтті

Жетісуда әлі 857 мың гектар ауыл шаруашылығы жері пайдаланылмай жатыр.

Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді. Талдықорғанда Премьер-Министрдің төрағалығымен Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелелері жөнінде кеңес өтті. Онда елдің ауыл-аймақтары мен агроөнеркәсіп секторын дамыту жайы сөз болды. Әрі пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару қажеттігі айтылды. Себебі мұндағы жұрттың жайылымдық жерлерге деген қажеттілігі 680 мың гектардан асады. Сондай-ақ, бірқатар әлеуметтік мәселеге назар аударды. Мәселен, облыста бес мыңнан астам бала 69 бейімделген мектепте оқиды. Тағы бір мектеп апаттық жағдайда болса, 26 мектеп саман кірпіштен тұрғызылған. Мәселені шешу үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2026 жылға дейін 10 жаңа мектеп ашу жлспарланған. Жиын соңында  Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

-2026 жылға дейін өңірде жаңа 10 мектеп ашу жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 55 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ Қаржы министрлігінің сыбайлас жемқорлардың қаражаты есебінен құрылған бюджеттен тыс қоры бар. Осы қаражат есебінен де қосымша мектептер салынатын болады.