30 жыл бойы сыртқа кеткен ақшаны қайтару үшін Еуропамен келісіп жатыр
Соңғы 30 жылда Қазақстаннан 140-160 миллиард доллар қаржы заңсыз шығарылған.
Енді осы капиталды елге қайтару үшін Еуропа елдерімен келісімдер жасалып жатыр. Бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысы кезінде Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев айтты. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан 13 мемлекетпен келісім жасасқан. Оның 11-і күшіне енді. Тағы 12 елмен меморандум жасау жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл кез келген уақытта Еуропа елдеріне құқықтық көмекке жүгінуге мүмкіндік береді.