Қазақстанда инфляцияның мақсатты деңгейін өзгерту керек – Экономист
Бүгін Алматыда Ұлттық банктің үшінші ғылыми-тәжірибелік конференциясына жиналған қаржы сарапшылары осындай бастама көтерді.
Тәуелсіз сарапшылардың пікірін әріптесім тыңдап қайтты.
Баға мәселесі мен әлемді алаңдатқан инфляция үлкен алаңда сөз болды. Экономистер мен тәуелсіз сарапшылардың алдында Ұлттық банк өкілдері өткен жылы экономикалық өсім 3,2 процентті көрсеткенін айтты. Инфляция қарқаны да бәсендей түсті. Атап айтқанда ақпан-наурыз айларында жылдық инфляция 21 проценттік максималды деңгейден 18,1 пайызға дейін төмендеген.
Рүстем Оразалин, ҚҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры:
- 9,12 пайыздық осы жылдың соңына болжанады. 2025 жылдан бастап 3-4 пайыз деңгейді көздейді. Оған біртіндеп өзіміз көріп отырған экономикалық жағдай геополитикалық дағдарыс, пандемияның салдарлары соның әсерінен бізде инфляцияның таргеттен едәуір алшақтауына қарамастан оның орнына келуі 2-3 жылдық межесінде болатын жағдай болып табылады.
Инфляцияның мақсатты мөлшері экономикадағы теңгерімді сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан оңтайлы таргетін анықтау және оны тұрақтандыру маңызды.
Ақылжан Баймағамбетов, ҚҰБ төрағасының орынбасары:
- Бұл ретте «мақсатты мөлшер қаншалықты оңтайлы» деген сұрақ маңызды. Экономиканы дағдарысқа түсірмей, оған қалай қол жеткізуге болады? Тәуелсіз сарапшылар тарапынан Қазақстан үшін инфляциялық оңтайлы таргеттеудің деңгейін 5-тен 7 пайызға дейін көтеру туралы айтылды. Басқа елдермен микродеректер мен макроэкономикалық салыстыру жүргізген зерттеушілер осындай ұсыныс тастап отыр.
Ұлттық банк өкілі бұл ұсынысты сарапшылар қауымдастығымен талқылауға дайын. Алайда ол ешқандай да саяси шешім бола алмайды. Тиісті шешім экономикалық зерттеулер мен ғылыми негіздерге сүйене отырып қабылданады.
Гүлжан Көленқызы, Радик Жакупов