Алматыдағы бизнес-форумда бірқатар инвестормен келісімге қол қойылды
Еуразиялық даму банкі Оңтүстік Африкалық FONPLATA даму банкімен меморандумға қол қойды.
Екі жақты келісім Алматыда өтіп жатқан инвесторлар форумы аясында жасалды.
Меморандум екі елдің инфрақұрылымдық жобаларын, бизнес пен сауда айналымын инвестициялық қолдауға арналған. Бизнес-форум барысында бұдан өзге қандай келісімдер жасалды?
Азия және тынық мұхит аймағын дамыту институттары қауымдастығының дәстүрге айналған 46- жыл сайынғы жиыны Қазақстанның инветициялық мүмкіндігіне арналған. Даму банктері, әртүрлі институттар ұсыныстары мен жобаларын таныстырды. Мақсат - ел экономикасын көтеру және инвестициялық мүмкіндігін арттыру.
Руслан Дәленов, Еуразиялық даму банкі Басқармасы Төрағасының орынбасары:
- Жалпы еліміздің инвестициялық жағдайы өте жақсы. Барлық іс-әрекеттер тыңғылықты дайындалған. Сонымен қатар кейбір жұмыстарды жылдам әрі ашық жасауға болады. Бұл жалпы пікір. Ал халықаралық мекемелермен ортақ жұмыстарды бірлесе атқару керек.
Форумда үшжақты меморандумға қол қойылды. Еліміздің сыртқы істер министрлігі, Еуразиялық даму банкі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» Акционерлік қоғамы арасында ортақ келісім жасалды. Енді электронды үкімет платформасы аясында ортақ инвестициялық алаң жасалады. Осы арқылы шет елдік инветорлар отандық жобаларды қаржыландыруға тікелей тартылады.
Ардақ Зебешов, ҚР СІМ Инвестиция комитетінің төрағасы:
- Үшжақты меморандум туралы айтатын болсам, ұлттық инвестициялық платформа мемлекеттік мекемелерге емес, шет елдік инветорларға мүммнкідік жасауға арналған. Осы алаң арқылы шет елдіктер қаржы салған жобасының қандай кезеңде жүзеге асып жатқанын бақылай алады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, біздің ел мұндай ірі форумды өткізуге жай таңдалмаған. Мемлекеттердің инветициялық мүмкіндігін айқындайтын Doing Business тізімі бойынша Қазақстан 190 мемлекеттік ішінде 25 орында тұр.
Аршын Кемелжан, Радик Жакупов