Алматыда су жаңа Jetour бренді таныстырылды
Jetour бренді Қытайдың көпке танымал Chery Automobile корпорациясына тиесілі және премиум санаттағы SUV кроссоверлерін шығарады.
Jetour-дың 4 моделі таныстырылды, олар X70, X70 Plus, Dashing және X90 Plus. Көліктерге 5 жыл немесе 200 мың шақырымға дейін кепілдік беріледі. Аталған моделдер Allur компаниясының Қостанайдағы зауытында құрастырылады.
Заманауи әрі стильді дизайны бірден көзге түседі. Jetour брендінің технологиялық төрт тұлпарының да салоны жайлы, шатыры панорамалы. Jetour комапаниясы қызметкерлерінің айтуынша, барлық көлік жолақты ұстау, климат бақылау, аралық бақылау, сынды бірақатар электронды қосымшамен жабдықталған.
Дина Қажымұқанова, Jetour Qazaqstan маркетинг департаментінің директоры:
- Бір артықшылығы біздің көліктердің барлығында бейнебақылау орнатылған. Тек сим-карта ғана салса жеткілікті. Көліктер отандық нарықта қолжетімді. Мысалы, Jetour X70 кроссоверінің бағасы 10 миллион 490 мың теңгеден басталады. Сонымен қатар Jetour брендінің барлық моделін жеңілдетілген автонесие арқылы сатып алуға болады.
Әр модельдегі мультимедия экраны, трансмиссия селекторы әртүрлі орындалған. Осылардың ішіндегі Jetour Dashing аталған брендтің флагмандық моделі саналады. 5 орындық кроссовер спорттық үлгідегі орындықтары және смартфон экранын толықтай қайталайтын Carbit жүйесімен жабдықталған. Айрықша үлгінің бағасы 14 990 000 теңге.
Глеб Сахнов, Jetour Qazaqstan сату бойынша директоры:
- Жоспарға сәйкес Қазақстан бойынша 16 дилерлік орталық ашылады. Онда кепілдік және сервистік қымет көрсетіледі. Оның алғашқы бесеуі келушілерді қарсы алуға дайын. Жаңа көлік іздегендер Jetour брендінен өзіне лайық әрі сенімді тұлпарын таба алады.
Көпшілікке таныстырылған модельдің барлығы Allur компаниясының Қостанайдағы зауытында құрастырылады. Сондықтан қосымша бөліктері де қолжетімді.
Аршын Кемелжан, Сержан Жұмабаев