Үкімет: Биыл азық-түлік 4%-ке қымбаттады
Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы 4 пайызға қымбаттады.
Енді сауда және интеграция министрлігі инфляция деңгейін 2 есе төмендету үшін тауар өндірушілерді қолдаудың жаңа тәсілін әзірледі. Бұған сиыр еті, күнбағыс пен сары май, күріш, қант және көкөніс жатады. Қазір 78 негізгі өндіруші анықталды. Жаңа алгоритм шеңберінде әрбір тауар өндіру, сақтау, одан сатуға дейін бақыланады. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов тиімсіз делдалдарды анықтап, оларды жоюды тапсырды. Сондай-ақ баға үстемелеріне бақылауды күшейтуді тапсырды.