Алматыда Huawei компаниясы саммиті аясында жаңа технологиялар карнавалы өтті

Алматыда Huawei компаниясының саммиті аясында жаңа технологиялар карнавалы өтті.

Шараға  Қазақстан мен Өзбекстан, Сауд Арабиясы және басқа да елдерден 500-ге жуық клиенттер мен серіктестер қатысты. Huawei желілік қамтуды жақсартып, сапаға және қауіпсіздікке  мән бергенді жөн санайды.

Huawei желілік саммитінде бірден 7 сала бойынша алты негізгі инновация ұсынылды. Бұл қуатты және сенімді әрі озық технологиялық шешімдерге жататын жаңа коммутаторлар және маршрутизаторлар. Олар ең бірінші кезекте жоғары сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Алаа Эльшими, Huawei Enterprise Business Group  Басқарушы директоры және аға вице-президенті:

- Бұл шарада біз жасанды интеллект, бұлттық жүйелер және тағы да басқа көптеген тренд саналатын жобаларды ұсынамыз. Біздің технологиялық шешімдерімізді ақылды үкімет, смарт мұнай құбыры,  тау-кен өндірісі, смарт білім, смарт ауруханалар, смарт банкингке қолдануға болады.

Бұл технологиялардың барлығын теміржолда пайдаланатын мүмкіндік мол. Мәселен, «Қазақстан темір жолы» компаниясы өз саласында цифрлық инфрақұрылымды жүзеге асыру  мақсатында оларды толықтай зерттеп, қолданысқа енгізуді көздейді.

Әнуар Ахметжанов, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының  орынбасары:

- Біздің теміржол компаниясы көптеген мәліметтерді жинайды. Сол мәліметтерді сапалы жинау, сапалы сақтау өте маңызды. Осы мәліметтің арқасында бізге үлкен сараптама жасауға болады. Ол неге маңызды, біз теміржол саласының қауіпсіздігін, біздің тұтынушылар қызметтерін сапалы көрсетуге және жоғары экология стандарттарға сәйкес болу үшін маңызды.

Huawei Орталық Азиядағы серіктестеріне арналған бірінші IP Club бағдарламасын іске қосты және Таяу Шығыстағы клуб мүшелерін осы бағдарламаны дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін марапаттады.

Жандос Айтбайұлы, Әбен Нарымбаев