Азық-түлік өндірісіне салынған инвестиция көлемі 46 миллиард теңгеден асты
Елде азық-түлік өндірісіне салынған инвестиция көлемі 46 миллиард теңгеден асты.
Бұл өткен жылғы қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 3,5 пайызға артық. Өңірлер бойынша инвестицияның ең көп көлемі Алматы облысына тиесілі. Аймақта ол 14,5 миллиард теңгені құрайды. Екінші орында Солтүстік Қазақстан облысы тұр. Теріскейде 8,4 млрд салыныпты. Үштікті 4,8 миллиард теңгемен Ақмола аймағы түйіндейді. Азық-түлікке бағытталған инвестицияның ең төменгі көрсеткішін Атырау мен Маңғыстау түйіндеп тұр. Ұлытау өңірінде, тамақ саласына мүлде инвестиция құйылған жоқ.
2023 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-МАМЫР АЙЛАРЫ
ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІШ
Алматы облысы 14,5 млрд теңге
СҚО 8,4 млрд теңге
Ақмола облысы 4,8 млрд теңге
2023 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-МАМЫР АЙЛАРЫ
ТӨМЕНГІ КӨРСЕТКІШ
Атырау облысы 31,8 млн теңге
Маңғыстау облысы 5,9 млн теңге