Түркістан облысында қалдықтарды өңдеу қолға алынады

Түркістан облысында балық пен құс шаруашылығына қорек дайындау үшін мал қалдықтарын терең өңдеу жобасы ұсынылды.

Сайрам ауданындағы мал бордақылау бекеттерінің жанынан жаңа зауыттар ашуға инвесторлар тартылып, жергілікті кәсіпкерлер қолдауға ие болАды. Бірақ әуелі санитарлық жағдайды шұғыл реттеуі керек. Еске сала кетсек, осыдан екі ай бұрын мал сою бекетінен аққан қан іргедегі өзен-каналдарға құйылып, егістік жерлерге жайынған еді. Бұл жағдайға қоғам белсенділері бей-жай қарамай санитарлық талаптардың бұзылғанын айтып дабыл қақты.

Дархан Сатыбалды, облыс әкімі:

- Жүйелі түрде осы проблеманы шешу мәселесі бойынша қанды өңдейтін зауытты алып келіп жатырмыз. Келісім бар оған. Сосын сүйекті өңдейтін зауыт алып келіп жатырмыз. Малдың ішегін, терісін өңдейтін. Біз терең өңдеуге өтпесек ортаға да зиян, басқаға да зиян. Ондай болмайды.