Қырғызстаннан келетін су немесе қант тағы қымбаттай ма?

Қырғыз Республикасынан келетін су көлемі азайғаннан кейін Жамбыл облысындағы 8 мың гектарға жуық егістік алқапқа зиян келген.

Оның арасында қант қызылшасы сынды маңызды азық-түлік дақылдары бар. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

Үкімет отырысында егін жинау науқанын өткізу барысы талқыланып жатыр.