4000 тонна көкөніс сақталады
Биыл Павлодар облысының тұрақтандыру қорына төрт мың тоннаға жуық көкөніс жеткізіледі.
Оның басым бөлігі – картоп. Қалғаны – сәбіз бен қырыққабат.
Арзан өнімдер апта сайынғы жәрмеңкелер мен әлеуметтік дүкендерде саудаланады. Қазірдің өзінде әлеуметтік азық-түлік 300-ден астам дүкенде сатылады.
Жалпы ішкі нарықты төмен бағада көкөніспен қамту мақсатында былтыр шаруалармен арнайы меморандум бекітілген. Соның аясында 20 мың тонна картоп пен 5 мың тонна сәбіз сақтау бойынша уағдаластық жасалды.
Төлеген Көшербаев, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Облысты сапалы көкөніспен қамтитын 149 қойма бар. Оның сыйымдылғы 495 мың тонна. Басым көпшілігі заманауи құрал, тоңазытқыштармен қамтылған. Өңірде қолданыстағы қоймаларды модернизациялау жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.