Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2,9 трлн теңгеден қағылған

Міндетті әлеуметтік медицианалық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен бері  МӘМС қорына 2,9 трлн теңге қаражат түспеген.

Бұл жайында бүгін мәжілістегі Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі айтты. Ажар Ғинияттың сөзінше, бұған басты себеп міндетті жарналар мөлшерлемесінің төмендетілуі болған. Осылайша, мемлекеттік тариф бастапқы параметрлерден 3,5, жұмыс берушінің аударымдары 1,7, ал жеке кәсіпкерлердің төлемі 1,4 есе азайтылған. Бұдан бөлек қомақты қаржы коронавирус пандемиясымен күреске, дәрігерлердің жалақысын арттыруға және тегін медициналық көмектің кепілдік берілетін көлеміне жұмсалған екен.