Қазақстан транзиттік әлеуетін арттыру мүмкіндігіне қол жеткізді
«Бір белдеу, бір жол» бастамасы осындан 10 жыл бұрын Астана қаласында алғаш рет ұсынылды.
Сол уақыттан бері еліміз Қытайдың негізгі серіктестеріне айналды. Себебі Қазақстанның географиялық орналасуы Қытайдың Еуропаға шығатын дәлізі ретінде қарастырылады. Ал еліміз өзінің транзиттік әлеуетін арттыру мүмкіндігіне қол жеткізді. Қытайды зерттеушілер қауымдастығының төрағасы, Ұлттық құрылтай мүшесі Қазбек Майгелдинов осындай пікірімен бөлісті. Сарапшы бүгінде қос елдің қарым-қатынасы екіжақты бағытта және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы секілді ауқымды жобалар аясында жүзеге асып жатқанын атап өтті.
Қазбек Майгельдинов, «Қытайды зерттеушілер қауымдастығы» ҚҚ төрағасы, Ұлттық құрылтай мүшесі:
- Кешегі келісімдердің ішінде біздің теміржол желісін модернизациялау бойынша инвестиция тартуға қол жеткізілді. Бұл өте маңызды, өйткені Қытайдың теміржол саласында, қай салада болсын, жоғары технологияларды табысты қолдануын көріп отырмыз. Жүйрік пойыздар, ол жердегі инфрақұрылымдық дайындықтың бәрі жоғары деңгейде. Ал хабқа айналу үшін біздегі ішкі әлеуетке, кардлық потенциалға назар аударуымыз керек.