Еуроодақ Транскаспий бағытына қосылуға мүдделі
Қазақстан Орталық Азия және Еуропа арасында жаңа көлік логистикасын дамытуға дайын.
Еуропаның кейбір елдері қазірдің өзінде Транскаспий халықаралық көлік бағытына қосылуға ниетті. Бұл туралы еліміздің Көлік министрі Марат Қарабаев Брюссельде өткен көлік дәліздеріне арналған халықаралық форумда мәлімдеді. Орта дәліздің маңыздылығы күн сайын артып келеді. Мұны Еуропалық Одақ, Орталық Азия және Қытай арасындағы екі есе артқан жүк тасымалының қарқыны көрсетіп отыр. Бағыттар жөніндегі халықаралық қауымдастыққа Қазақстан, Қытай, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Румыния, Польша және Болгария кіреді. Оған Еуроодақтың тағы 6 мемлекеті қосылуға ынта білдіріп отыр. Осы форумда Құрық портынан Еуропаға таза сутегі мен аммиак тасымалдау туралы келісімшартқа қол қойылды.
Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:
- Ең басты талқылап отырған мәселе – бұл Қазақстан мен Еуроодақтың екіжақты қарым-қатынас жөнінде, яғни көлік саласындағы қарым-қатынастар. Екінші мәселе, бас тақырыпта болған бұл Транскаспийлік транспорттық дәлізді ары қарай дамыту мәселесі болды. Басты мақсат – Қазақстанды Еуропа мен Азия арасында үлкен транзиттік хабқа айландыру мәселесі.
Айнұр Тұмышева, Hyrasia Energy компаниясының инвестициялар бойынша директоры:
- Келісімшарттың ішінде бізге қойылған міндеттеме ретінде неміс тарапы немесе инвесторлар ертен 1800 жаға ашылатын жұмыс орнынан 90%-ін қазақ өкілдерін алу керек болады. Барлық менеджмент салаларында қазақ азаматтар жұмыс жасау керек болады. Қазіргі уақытта да қазақ азаматтар жұмыс жасап жатыр, келешекте 90%-і қазақ азаматтары болады.