Аймақтардың тұрақтандыру қорында 23 мың тоннадан астам өнім бар
Қыстың қамын жаз ойла.
Ел өңірлерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қоры жасақталуда.
Қазіргі таңда аймақтардағы тұрақтандыру қорларында 23 мың тоннадан астам өнім сақталған. Оның ішінде ұн 6,4 мың тонна, қант 9,7 мың тонна, күріш 1,3 мың тонна.
Мемлекет картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат сияқты көкөніс түрлерін өсіретін шаруаларға қолдау көрсетіп отыр.
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен келісім-шарттар жасалынып, алдын ала қаржыландыру жүргізілген. Бұл шаралар әлеуметтік маңызға ие азық-түлік өнімдерінің жеткілікті қорын қамтамасыз етіп, маусымаралық кезеңде бағаның тұрақтылығын сақтайды.