Елде жұмыртқа бағасы шарықтап тұр
Жыл басынан бері өсім 14%-ке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өнім бағасы әсіресе ел шығысында шарықтап тұр. Абай облысында 6, Шығыс Қазақстанда 8%-ке қымбаттады. Өскеменде жұмыртқаның 10 данасы 750 теңгеге дейін жетті.
Жалпы аймақта өнім өндірілмейді. Сол себепті шекаралас облыстардан және Ресейден тасымалданады.
Диляра Жылқыбаева, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Бөлшек саудада бағасы 600-630 теңгені құрайы. Бүгінгі күні операторлардың айтуы бойынша, бағаның қымбаттауы маусымдық сипатқа және құс фабрикаларында бағаның қымбаттауынан және облыста өз өніміміздің жоқтығынан.
Жұмыртқа бағытында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындары бар облыстардың өзінде жағдай мәз емес. Мысалы, Ақмола облысында өткен жылмен салыстырғанда жұмыртқа 3%-ке дейін кем өндірілген. Қостанайда тіпті 11%-ке азайған. Батыс Қазақстан мен Жамбыл да көрсеткіш шамамен осындай. Тек Қарағандыда ғана ілгерілеу бар. Өндіріс өткен жылғыдан 9%-ке артқан.