Ақтөбе облысында асыл тұқымды мал басы көбейді
Биыл Ақтөбе облысында асыл тұқымды мал басы 15 процентке көбейген.
Оның ішінде жылқы саны бір жылда 18 пайызға артыпты. Мамандардың пайымынша, шаруалар төрт-түліктің санынан гөрі сапасына көп көңіл бөле бастаған.
Ұзақ жылдан бері егін егумен айналысатын Талғат Нұржігітов сегіз жыл бұрын асылтұқымды мал шаруашылығын да қолға алды. Қазақтын ақбас сиыры мен гольштейн жылқының көшім тұқымын көбейте бастады. Тәжірибе жинай келе сұрыптауды да бастады.
Талғат Нұржігітов, шаруа қожалығының басшысы:
- Қазір в данное время тұрған мындағы Кушим породасы құлындары. Қазір тяжеловоз айғырларды қосып ірілетіп жатырмыз. Заказбен алып келеді Россиядан. 6 айғыр. 6 үйірге айғыр қостым.
Мал азығы үшін суармалы алқаптарды ұлғайтуды көздеп отыр. Сапалы жем-шөп қоры болса, мал басы да көбейеді. Кәсіпкер бүгінде сүт пен ет өнімі көлемінің артқанын айтады. Мұны Мұғалжар ауданының шаруалары да растап отыр.
Бауыржан Жолмағанбет, Мұғалжар аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы:
- Бүгінгі күнге он мың үш жүздің үстінде тонна биылға ет өндірілген бізде. Ол енді былтырғы жылмен салыстырғанда 102 процентке артық өндіріп тұрмыз. Біздің ауданға ет өнімдері жеткілікті. Мол артығымен деп айтуға болады. Экспортқа шығарып жатқандар бар. Мысалы мал бордақылау алаңы шетелге экспортқа ірі-қара шығарды.
Мұғалжар ауданында былтыр асыл тұқымды мал өсіретін 14 шаруа қожалығы болса, биыл жаңадан 5 серіктестік қосылды. Мамандар жылқы шаруашылығында өсім мол дейді. Әсерсе жылқының Мұғалжар және Көшім түрін бағатындар қатары артқан.
Панабек Бимұратов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
- 12,9 пайызды құрады бүкіл жалпы ірі қараның асыл тұқымды мал басы үлесі. Жылқыныкі 18 пайыздан асты. Мысалы республика бойынша 8 пайыздың маңайында. Асыл тұқымды мал үлесі қой бағытындағы 12 пайыздан асты. Өнімділігі 10-15 пайызға артық асыл тұқымды малдың былай тауарлы малға қарағанда.
Бұл орайда мемлекеттік қолдаудың шаруа қожалықтарына тиімділігін айта кеткен жөн. Мәселен, 2020-2022 жылдар аралығында Ақтөбе облысының кәсіпкерлеріне асыл тұқымды мал басын көбейтуге 21 млрд теңге шамасында субсидия бөлінген. Биылдың өзінде 9 млрд 300 млн теңге қаржы төленді.
Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков