Алматы облысында 5 ірі өндіріс орыны ашылады

Алматы облысында 5 ірі халықаралық компания жалпы құны 815 млн АҚШ доллары болатын өндіріс орнын ашады.

Олар негізінен Іле мен Қарасай аудандарында орналасады. Биыл Қарасай ауданында 3 инвестициялық жоба жүзеге асты. Жібек жолы ауылында құрылыс материалдарын шығаратын индустриялды-өндірістік кешен салынып, іске қосылды. Отандық өндіріс орнында темірбетен бұйымдары мен энергетика саласына қажетті құрылғылар жасалады. Өнім ішкі нарық сұранысын қамтамасыз етіп, сыртқа экспортталады.

Сонымен қатар логистикалық орталық құрылысы басталды. Жалпы осы жобалар іске асқанда 3 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. 

Жасұлан Естенов, Қарасай ауданының әкімі:

- Ол жерде 2 мыңдай жұмыс орны ашылады. Одан басқа Елтай округында Корей компаниясы фабрика салып жатыр. Ол жерде де 500-600 орындық жұмыс орны ашылады. Халыққа тұрақты сапалы, жұмыс ұсынып отырмыз.