Ақтөбеде азық-түлік бағасына бақылау күшейді
Ақтөбеде әлеуметтік азық-түліктің бағасына бақылау күшейді.
Себебі мереке күндері бағаның шарықтап шыға келетіні бар. Өнім өндіруші мен сауда орындары арасында делдалдарды қадағалайтын өңірлік комиссияның да жұмысы қызу. Жыл соңына дейін ірі дүкендерді тексеріп шықпақ.
Жалпы биыл әлеуметтік азық-түлік түрлеріне 15%-тен артық үстеме қоспау жөнінде 500-ден астам меморандум жасалған. Сондай-ақ тұрақтандыру қорын толтыру үшін бюджеттен 3 млрд теңге бөлінді. Биыл жылдағыдан екі есе көп өнім жиналды.
Алмас Салықбаев, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы:
- 2024 жылы қаңтар айында біз тағы да қосымша сол барлық ірі сауда желілері, Ақтөбе қаласында орналасқан базарлар, солармен біз меморандум жасаймыз. Халыққа күн сайын тұтынатын азық-түлік өнімдері 15%-тен үстемақысы аспау керек. Мысалыға, үйдің бойында орналасқан, сондай шағындарды қосымша бақылау қажет.