Депутат бюджетті жоспарлау жайлы: Жоспары басқа, ісі басқа
Елімізде әлі күнге дейін бюджеттен бөлінген қаражат көп жағдайда дұрыс игерілмей келеді.
Бұл мәселе қанша мәрте көтерілсе де, министрліктер мен әкімдіктер сыннан сабақ алар емес. Мысалы, Көлік министрлігі жол құрылысына бөлінген қаржыны алуын алып, толық жұмсамаған. Ал Солтүстік Қазақстан облысы бюджетті дұрыс жоспарламаған. Салдарынан екі жатақхананың құрылысын аяқтауға ақша жетпей қалған. Енді әкімдік тағы 1,7 млрд теңге қаржы сұрап отыр.
Бүгін мәжілісте осындай деректер келтірген Мархабат Жайымбетов бюджет кодексін қайта қарауға шақырды.
Мархабат Жайымбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бюджет бойынша заң жобасы кезінде аңғарғаным біраз мемлекеттік органдар бекітілген старатегиялық даму жоспарларында өздері межелеген индикаторларға жете алмай жатады. Жазылған жоспары бір басқа, ісі бір басқа. Бұл – үлкен проблема. Осындай мәселелер аймақтардың әлеуметтік экономикалық дамуына үлкен әсер етеді.