Елде инфляция қарқыны төмендеді
Жедел қабылданған шаралардың арқасында оны 9,8%-ке дейін тежеуге мүмкіндік туды.
Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында Премьер-министр Әлихан Смайылов баяндады. Премьер-Министрдің айтуынша, ел экономикасының өсімі 5,1% құраған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 3%-тен аз болды. Шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 14%-ке артып, 4,3 миллион адамға дейін көбейді. Еліміздің сыртқы тауар айналымында да өсім бар, былтыр ол 126 миллиард долларды болды. Үкімет басшысы әлеуметтік міндеттемелердің уақытылы орындалып отырғанын айтты.
Жалпы еліміздің 4,5 миллион азаматы әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған. Ол үшін бюджеттен 4,6 триллион теңге бөлінген. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.