Қызылордада жұмыртқа арзандады
Қызылордада жұмыртқа бағасы арзандады.
Өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Астана қаласындағы құс фабрикасынан делдалсыз тікелей бір миллион дана жұмыртқа алдырып отыр. Халық көп тұтынатын агроөнімдер бағасын тұрақтандыруға бағытталған шара нәтижесінде қаладағы 35 әлеуметтік дүкенде С1 санатындағы жұмыртқа 50 теңгеден сатылып жатыр. Облыс орталығындағы 10 ірі сауда үйінен ашылған әлеуметтік орындарда 55 теңгеден саудаланады. Ал жалпы нарықта жұмыртқаның әр данасы 67-69 теңге шамасында. Құс өнімдерінен бөлек аймақта ұн бағасы да біршама түсіп, нан арзандады.
Асхат Ибрагим, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары:
- Біз қазір Қостанай ұнымен келісім-шартқа отырып, 1-сұрыпты ұнды 128 теңгеден берудеміз. Соның арқасында әлеуметтік дүкендерден нан 65 тг, суада үйлерінде 85 тг бағамен сатылуда.