«ЕАЭО туралы» шартқа өзгеріс енгізілді
Бұдан былай сырттан келетін тауарлар мен шет елдерге шығарылатын өнімдерді рәсімдеу жеңілдейді.
Ол үшін Мәжілісте Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер еңгізілді. Онда тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша ортақ келісім жасау көзделген. Сондай-ақ құжатқа ұлттық цифрлық қолтаңбаларды пайдалану нормасы еңгізіледі. Ал карантиндік жағдайларда одақтас елдер бірігіп, фитосанитарлық шараларды қабылдайды. Бұл жайлы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді. Айтуынша, өзгертулер одаққа мүше мемлекеттер арасындағы байланысты одан әрі нығайтпақ.
Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
- Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа техникалық реттеу, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, тарифтік емес реттеу және мемлекеттік сатып алулар туралы барлығы 32 түзетулер енгізіледі.