Қазақстанда неміс компаниясы терезе өндірісін іске қосады
Елде наурыздан бастап неміс компаниясы терезе өндірісінің бірінші желісін іске қосады.
Бұл туралы шетелдік инвестор Томас Беттен мәлімдеді. Кәсіпкер алдымен сапаға мән береміз дейді. Ол үшін Германиядан арнайы шақыртылған мамандар техниканы тексеріп, өндіретін тауарды сынақтан өткізеді. талапқа сай болғанда іске кіріседі. Шетелдік кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 3 мың тонна. Компанияның таңдауы бізге түсуі бекер емес. Себебі Қазақстанда қолайлы инвестициялық мүмкіндік пен дамыған инфрақұрылым қалыптасты, дейді инвестор.
Сергей Зинк, REHAU Орталық Азия департаментінің жетекшісі:
- Қазақстан географиялық орналасуына байланысты Орталық Азия мен ТМД нарығына шығуға үлкен мүмкіндік береді. Дегенмен, сұраныста болу үшін сапалы тауардың болғанын қалаймыз. Сол арқылы Орталық Азияның нарығына шыға аламыз. Ерекше сапаға қол жеткізбейінше өндірісті іске қоспаймыз.