Инвесторларға қысым көрсетілмейді
Үкімет инвесторларды мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қысымынан қорғайды.
Премьер-министр Олжас Бектенов бұған кепілдік беретінін айтты. Өз сөзінде "Біз ұзақ мерзімді инвестициялар үшін барынша қолайлы жағдай жасауға ұдайы ұмтылып келеміз. Жоғары деңгейде өңделген өнімдер шығаруға, ақпараттық технологиялардың озық қарқынмен дамуына ықпал ететін инновациялық кәсіпорындар құруға бағытталған әрбір ірі инвестициялық жобаларға қолдау көрсетуге Қазақстан Үкіметі кепілдік береді деп сендіргім келеді", - деді ол. Атап айтқанда, билік ресурстарға кедергісіз қол жеткізіп, инфрақұрылымдық және консультативтік қолдау көрсетуге дайын. Сондай-ақ өнімдерін өткізуге де жәрдемдеседі. Осылайша Үкімет кәсіпкерлермен ашық әріптестік құруға ниетті.