Жүк тасымалындағы шектеу алынып тасталды

Елде жүргізушілерге шекарадан қайта тіркеп, тиеу арқылы жүк тасымалдауға рұқсат берілді.

Бұл жайлы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы мәлімдеді. Әлі Алтайдың айтуынша бұл кәсіп түріне 2017 жылы шектеу қойылған. Алайда, әр жылдары тыйым күші бір жылға шегеріліп келген. Енді міне шектеу тағы 2025-ші жылға дейін күшіне енбейтін болды. Комитет төрағасы бұл отандық кәсіпкерлерді қолдау үшін жасалғанын айтты. Себебі шектеу салдарынан нарықтағы қазақстандық жүк тасымалдаушылар үлесі 20 пайызға қысқарған.

Алтай Әлі, ҚР КМ Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы:

- Бұның бізге пайдалы жақтары көп бүгінгі таңда. Бұл жерде бір мәселені қарау керек. Біз 2017 жылы тоқтаттық қой рұқсатты. Содан 3 жылдық динамикасын қарадық. 51 пайыздан 30 пайызға дейін түсіп кетті біздің үлесіміз жалпы тасымалдауда. Енді 20-21 жылдан бастап қарасақ екі жылда өсім бар.