Қазақстанда газ өңдеу зауыты салынады
Үкімет басшысы Олжас Бектенов италиялық ENI компаниясының табиғи ресурстар бөлімшесінің барлау және өндіру жөніндегі директоры Лука Виньятимен энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөнінде кездесу өткізді.
Тараптар энергетика секторындағы ынтымақтастықты талқылады. ENI ірі мұнай-газ корпорацияларының бірі. Кездесуде Қарашығанақ пен Қашағандағы бірлескен жобалардың жоспарлы іске асып жатқаны сөз болды. Сондай-ақ газ өңдеу зауытының құрылысына қатысты өзге де мәселелерді талқылады. Қуаты жылына 4 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытын салу жұмыстары белсенді жүруде. Жаңа кәсіпорын халыққа тауарлық газды тиімді бағамен алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстан жасыл энергетика саласындағы жобаларда италиялық тәжірибені ескермек.