Отандық өндірушілер нарығы ұлғаяды
Елімізде отандық өндіріс компаниялары үшін тапсырыс мерзімі ұзаруы мүмкін.
Яғни мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор кәсіпкерлермен 1 жылға емес 5 жылға келісім-шарт жасасады. Ал импорттық тауарларға қойылатын талаптар күшейеді. Өнімдердің сапасына зертханалық тексерулер арқылы бақылау жүргізіледі. «Бұл өз кезегінде демпингтің алдын алуға мүмкіндік береді», - дейді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев. Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барған ведомство басшысы бірқатар өндіріс орындарын аралады. Трансформатор зауытында болып, тоқыма фабрикасының жұмысымен танысты. Қанат Шарлапаев елдегі тозығы жеткен ішкі инженерлік жүйелерді жаңғыртуға отандық компаниялардың мүмкіндігі мол екенін атап өтті.
Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
- Загрузканы ұлғайту үшін біз мемлекеттік, квазимемлекеттік компанияларға тапсырма береміз. Тек осы отандық кәсіпорындармен жұмыс істеу үшін. Басқа елдердің кәсіпорындары, өндірушілері кішкене демпинг жасап жатыр. Жақсы, нақты сертификация жасау. Сонымен біз Сауда министрлігімен бірлесіп, осы жұмысты жалғастырамыз.