Жұмыртқа импортына шектеу енгізілуі мүмкін
Мамыр айынан бастап, елге өзге мемлекеттерден жұмыртқа тасымалдауға шектеу қойылуы мүмкін.
Бұл уақытша шара. Әрі ел аумағына тек көлікпен жеткізілетін жұмыртқаны кіргізуге тыйым салынады.
Бұған не себеп? Бұл өндірушілердің өтініші негізінде қабылданған шешім. Қазір талқылау жүріп жатыр.
Жұмыртқа импортына шектеу
Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан дерекке сүйенсек, шектау 6 айға жалғасады.
Бұл тыйым ЕАЭО елдеріне ғана емес, барлық мемлекетке қатысты. Қазір құзырлы органдарда келісу процесі жүріп жатыр. Оның негізінде қабылданатын бұйрық бірінші мамырда күшіне енуі керек.
Өндірушілер ішкі сұранысты барынша қамтуға мүдделі, әлеуеті де жетеді. Бірақ дүкендерде сырттан келген өнім түрлері самсап тұр. Ал жаз мезгілінде жұмыртқаға деген сұраныс азаяды. Баға да түседі. Демек, осы кезеңде ысырапқа жол бермеу үшін, халыққа өзіміздің өнімді ұсыну маңызды.
Өткен айда жұмыртқа құны 19 процентке өсті. Бұл ұлттық статистика бюросының дерегі. Әрине, әдеттегідей жазға қарай баға түсу керек. Себебі бұл кезде үй құстары да жұмыртқалай бастайды. Ал қыста сұраныс пен ұсынысқа қарай баға қайта көтеріледі. Дегенмен үкімет маусымдық қымбаттаудың алдын алу үшін құзырлы одақ және шаруалармен І санаттағы жұмыртқа құнын жыл соңына дейін тұрақтандыру бойынша меморандум жасаспақ.
Жұмыртқа экспорты азайды
Былтыр елдегі жұмыртқа экспорты 20 процентке төмендеген. Кәсіпорындар 195 млн данасын шегара асырды. Бұл алдыңғы жылдан 45 млн-ға аз. Әсіресе Ресей мен Беларуське тасымал төмендеді. Бұған өндірістің азаюы ықпал етті. Былтырғы көрсеткіш 5 млрд-қа сәл жетпей қалды.
Құс өсірушілер одағы хабарлағандай, бұған себеп көп. Көптеген фабрика үшін жем-шөп құны қолайсыз. Субсидия алынғалы 6 фабрика жұмысын тоқтатқан. Үй шаруашылықтарындағы көрсеткіш – 4,3 процентке төмендеген. Жалпы ел бойынша өндірілген жұмыртқаның 676 млн данасы ішкі нарыққа шығарылды. Бұл 1,4 процентке төмен көрсеткіш. Қазір өндірістік кәсіпорындар мен үй шаруашылықтарында 46 млн құс бар.
Жұмыртқа экспорты:
(млн дана)
2023 – 195,5
2022 – 241
Жұмыртқа импорты:
(млн дана)
2023 – 345,5
2022 – 228
Руслан Шәріпов, Қазақстан құс өсірушілері одағының президенті:
- Жем-шөпті Ресейден алып жатырмыз. Ол жақта арзан. Бізде одан да арзан, проросшенное зерно. Сол үшін біз Ресейден алып отырмыз.
Экспорт тағы өсуі мүмкін
Былтырға дейін жұмыртқа экспорты артып отырғаны белгілі. Экономикалық зерттеулер институтының аға сарапшысы Дәулет Жамбайбековтың айтуынша, көрсеткіш қалпына келуі бек мүмкін. Себебі елде жұмыртқа өндірісі субсидияланбайды.
Сондай-ақ өнім әлеуметтік маңызы бар тауар санатынан алынуы ықтимал. Шығындарын жабу үшін өндірушілердің құны жоғарырақ нарықты іздеуі заңды. Сарапшының есебіне қарағанда, отандық жұмыртқаны тұтынушылар көбейген. 2022 жылы әрбіріміз 195 данасын пайдаланыппыз. Оның басым бөлігін қалалықтар қамтыды.
Жұмыртқа өндірісі:
(млрд дана)
2023 – 4, 93
2022 – 5, 03
2021 – 4, 82
2020 – 5, 05))
Биыл Ресейдің экспорт көлемін арттыруды сұрағанын білеміз. Бұл жағдай қалай шешілді?
Иә, биыл 1 млн дана жұмыртқа экспорттаймыз. Жалпы көрші елде жарты жыл көлемінде өндіріс төмендеп жатыр. Себебі фабрикаларда биожаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сол себепті үкімет биыл 1,2 млрд дана жұмыртқа импортына баж салығынсыз квота ұсынды.
Мерей Мұратханқызы, 24.KZ