Киберқауіпсіздікке мән беру керек
Елде 18 млн-ға жуық адам интернеті бар ұялы байланысты қолданады.
Бұл былтырғы сәйкес кезеңнен 4 пайызға көп. Сарапшылар мұндай желінің жылдамдығы секундына 36 мегабитке дейін өскенін мәлімдеді. Яғни 50 пайызға артқан. Мамандар бұған байланыс саласындағы жаңа технологиялардың әсері барын айтады. Қазір компаниялар қарқынды түрде 5 джи жүйесіне қосылып жатыр. Иә, цифрландыру саласында да жетістік көп. Алайда салдарын да жіктеп кетпеуге болмас. Өкінішке қарай, интернетті әсіресе түрлі қосымшаларды дұрыс қолдана алмайтындар жеткілікті. Сөйтіп алаяқтарға жем боп жүр.
Киберқауіпсіздікке мән беру керек
Енді азаматтардың жеке деректерінің қорғалуына кедергі болғандарға айыппұл көбейеді. Цифрлық даму министрлігі оның көлемі 6 млн теңгеге жетуі мүмкін дейді. Қазір ел аумағында 100-ден аса компания киберқауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүр. Салада бәсеке бар. Алайда отандық ұйымдар киберқауіпсіздікке айти-бюджеттің 3 пайызын ғана жұмсайды. Ал әлемде 10 пайыздан асады. Кибершабуылды талдау және тергеу орталығы осындай мәлімет келтірді. Сарапшылар бұл саладағы қауіпсіздікті күшейту керек дейді. Тіпті әлеуметтік-экономикалық маңызы бар ұйымдар тәулік бойы жұмыс істейтін секьюрити-орталықтармен байланыс орнатқаны абзал. Олар кибер шабуылды ұдайы бақылап отырады. Иә, елде киберқауіпсіздікке көңіл бөлініп жатыр. Алайда маман тапшы.
Батыржан Шақманов, киберқауіпсіздік саласындағы маман:
- Біз 100 пайыз кепілдік әрине бере алмаймыз. Бірақ біздің мақсатымыз киберқауіпсіздік деңгейін көбейту. Кибершабуылшыға компаниядан белгілі бір ақпаратты алып шығуын қиындату. Оның алып шығу жолын қымбат ету. Біздің қорғауға алатын компания басқа компанияларға осылай көмектеседі.
Елде халықтың киберсауатын арттыруға көңіл бөлінеді. Отандық киберқауіпсіздік жөніндегі компаниялардың бірі азаматтарға арналған тегін курс бастады. Онда ескеру қажет тәуекелдер мен алаяқтыққа тап болмаудың жолдары үйретіледі. Әлеуметтік жоба ұзақ мерзімге жалғасады.
Батыржан Шақманов, киберқауіпсіздік саласындағы маман:
- Біз жалпы киберқауіпсіздікпен айналысамыз. Біз госоргандарды, квазигосоргандарды, кез келген компанияны кибершабуылдан қорғаймыз. Ол киберқауіпсіздіктің корпоративный секторы, компания ретінде, инфраструктура ретінде қорғаймыз және бағдарламалық жасақтама жасап шығарамыз. Халықты кибералаяқтардан қорғау - біздің социальный проект болып есептеледі.
Бір жылда отандық ноутбук пен компьютер өндірісі 4 жарым есе өсті. Қаңтар-ақпан айларында 6 мың данасы нарыққа шыққан. Бұл соңғы 10 жылдағы ең ауқымды көрсеткіш. Алайда өндіріс ұдайы қарқынды болған жоқ. Мысалы 2020 жылы, яғни пандемия кезеңінде отандық өнім көлемі 60 мыңға жетті. Ал 2021-де 5 есеге төмендеп кеткен. Қорыта айтқанда, 2013 жылы 83 мың данадан астамын өндірсек, былтыр 12 мыңмен шектелдік. Жиналған есептеуіш техника елдегі сұранысты 23 пайызға қамтыды. Тіпті елде сатылған әрбір төртінші компьютер отандық өнім деген пікір бар. Ал баға бір жылда 13 пайызға өскен. Айтпақшы ноутбук пен компьютерлерін жөндетуге не бағдарлама орнатуға жүгінетіндердің қатары да артып жатыр. Былтыр осындай қызмет көлемі 20 пайызға өсіп, 41 млрд теңгеге жетті.