Қант экспортына тыйым салынады
Елде жаз соңына дейін қант экспортына тыйым салынады.
Бұл алдағы маусымда қазақстандықтардың өнімге деген сұранысын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл мәселе вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды. Қазiргi уақытта қоймалардағы қант қорының және Қазақстанға импорт көлемiнiң теңгерiмi шамамен 256 мың тонна, бұл елдiң жылдық қажеттiлiгiнiң жарты бөлігі. Орта есеппен айлық тұтыну жазда 46 мың тонна, сұраныс 60 мың тоннаға жетеді. Қолданыстағы қант қоры жаңа өнімге дейін ішкі сұранысты өтеуге жеткілікті», - деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков.