ЕАЭО. Сатып алушыдан сатушыға айнала аламыз ба?
Қазақстандық компаниялар Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі мемлекеттік сатып алу процестеріне белсенді қатысып келеді.
Мысалы, біздің тауар жеткізушілер өткен жылдың тек 9 айында шамамен 11 млн доллар болатын келісімдерге қол жеткізген.
Ұйым елдеріндегі мемлекеттік сатып алулардың жалпы көлемі 120 млрд долларына тең. Оның ішінде Қазақстанның үлесі 21 млрд доллардан асады.
Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық одақ елдерінде, отандық және шетелдік тауар жеткізушілеріне тең мүмкіндік ұсынатын ұлттық режим жұмыс істеп тұр.
Салалық ведомство өкілдерінің пікірінше, мұндай мүмкіндік бәсекелестіктің артып, тауар сапасы мен баға қою саясатының жақсаруына әсер етеді.