Қазақ-қырғыз шекарасына логистикалық кешен салынады

Қазақ-қырғыз шекарасына логистикалық кешен салынады

Қазақ-қырғыз шекарасында индустриялық сауда-логистикалық кешен салынады.

Мәжіліс Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы «Қарасу» және «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешен құру және қызметін реттеу туралы үкіметаралық келісімді ратификациялады. Келісім 25 жыл мерзімге жасалады және автоматты түрде бес жыл мерзімге ұзартылады.

Кешен Қазақстан және Қырғызстан мемлекеттерінің шекаралас аумақтарындағы «Қарасу – автожол» (Қазақстан) және «Ақ-тілек – автожол» (Қырғызстан) өткізу пункттерінің жанындағы Қазақстан және Қырғызстан бөліктерінен тұрады.

Құжат екі мемлекет арасындағы сауда-логистикалық салада бизнесті жүргізу шарттарын жақсартуға мүмкіндік беріп, екіжақты қатынасты дамытуға ықпал етеді.